Маханбетов Сейсенхан Орынбекұлы

Маханбетов Сейсенхан Орынбекұлы 1960 ж. туған.
Жоғары білімі: 1978-1983 жж. С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультеті.

Қазақстан суретшілері туралы көптеген мақалалардың авторы. Картиналары Қытай, Түркия, Ресей, т.б. елдердегі жеке тұлғалардың қорларында сақтаулы.

1986 жылдан Республикалық көрмелер мен симпозиумдарға қатысушы.

ҚР Журналистер Одағының және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.

Еңбек тәжірибесі:

– 1983 жылы Республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, кейін «Жаңа фильм – Новый фильм» журналында көркемдеуші редактор, редактор;

– 1987 жылдан «Білім және еңбек», кейін «Зерде» журналында көркемдеуші редактор;

– 1989 жылдан «Алматы ақшамы» қалалық газетінің суретшісі, тілшісі;

– 1991 жылдан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының газеті «Иманды» құрды, онда Бас редактордың орынбасары;

– 1992 жылдан «Мәдениет – культура» газетінің жауапты хатшысы, Бас редактордың орынбасары;

– 1996 жылы Республикадағы тұңғыш діни-мәдени көпшілік журнал «Ислам әлемін» ашты, 2000 жылға дейін Бас редакторы қызметінде болды;

2000 жылдан күні бүгінге дейін республикалық «Ислам және өркениет» газетінің және «Қазақстан өнері – Искусство Казахстана» журналының Бас редакторы болып істейді.

2008 жылы ҚР Мәдениет қайраткері, 2012 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарын иеленді.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.