6 наурыз 2023 ж. «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
06 наурыз 2023 ж. Бейбітшілік және келісім сарайында, Астана қ. Суретшілер одағымен «Конфессияаралык және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ бірігіп ұйымдастырылған «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Көрменің ашылуына үкімет мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен діни бірлестік өкілдері, шетелдік дипломаттар, БАҚ өкілдері, жәнеде Астана қ. СО—ның Суретшілері қатысты.
Көрмеде Суретшілердің көктем, ұлттық әшекей таққан әйелдер бейнесі мен әртүрлі ұлт өкілдерінің салт—дәстүрі мен әдет—гұрыптары бейнеленген туындылар қойылған.
Елімізге белгілі зергер, ҚР СО —ның мүшесі,ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Алибай Берік ағамыздың ұлттық зергерлік бұйымдары ұсынылды.