2023 жылдың 28—ші сәуірде «Қазақ батырларының қару —жарағы» атты көрмесі ашылды.    

2023 жылдың 28—ші сәуірде ҚР Ұлттық музейінде ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, қару —зерттеуші—этнограф, суретші Ахметжан Қалиолла Саматұлының «Қазақ батырларының қару —жарағы» атты көрмесі ашылды.

Көрме идеясы көрермендерді суретші және қару зерттеуші Қ. С. Ахметжанның көркемдік және ғылыми шығармашылымен, оның шығармашылық еңбегінің соңғы жылдарында жасалған ғылыми —көркем туындыларымен таныстыру, өскелең ұрпақ бойында патриоттық рух қалыптастыра отырып, дәріптеу әрі насихаттау
Суретші Ахметжан Қ. С көркем шығармашылық пен қатар, ғалам ретінде 40 жылдан астам қазақтың дәстүрлі қару —жарақтарын, жалпы Қазақстандағы көшпелі халықтардың қару —жарағын зерттеп келеді. Соңғы 10—15 жылда ол осындай әр замандағы көшпелілер жауынгерлерінің қару —жарақ жиынтықтарының ғылыми-заттық реконструкцияларын жасап келеді. Олардың көпшілігі еліміздегі түрлі мұражайлар экспозицияларына қойылған.
 
Көрмеде қазақ жауынгерлерің шабуыл қаруларының және қорғаныс жарақтарының түрлері мен типтері нің реконструкциялары-ату және суық қарулар, олардың жабдықтары, жауынгерлік бас киімдері, сауыт —саймандары көрсетілді.
Көрме қазақ халқының тарихын, мәдениет ін, әскери дәстүрін білуге ұмытылатын жалпы көпшілікке қызықты болады.
Көрме 2023 жылдың 12 —ші маусымға дейін болады.
 
 
 

Астана қ. СО —ның арт—менеджері Ақжан Али

 

 

 
 
 

 

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.