Сырғабаев Алмас Болатханұлы

Танымал Суретші - Кескіндемеші,

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі,

Қазақстан Республикасының Дизайнерлер одағының мүшесі.

1979 жылы Алматы облысында  дүниеге келген.

1996 жылы Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік университетке түсіп, 2002 жылы бітірген.

2002 жылы университетті бітірісімен республикалық балалар мен жасөспірімдер «Ұлан» газетіне көркемдеуші редактор болып жұмысқа орналасты.

М. Мақатаевтың 70 жылдық мерейтойында «Қарлығашым келдің бе?» атты жеке көрмесі Алматы қаласында Жазушылар одағында өткен.

Алматы облысы білім жетілдіру институтының  шығармашыл ұстаздар сурет көрмесінің жеңімпазы.

Түркияның Стамбул, Бурса, Измит қалаларында жеке көрмелерін өткізген.

“Астана бояулары” атты жеке көрмесі Астана қаласында Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткізген.

31 мамыр Саяси қуғын сүргін күніне орай "Ұлы дала тарихы" атты жеке көрмесі 2015 жылы Астана қаласында ұйымдастырылған.

2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесінде Әскери тарихи музейде "Өнер мен тарих" атты суретшілермен  топтық көрмеге қатысқан.

Суретшінің Бейнелеу өнеріндегі графика саласы бойынша көптеген жұмыстары газет-журналдарда, еліміздің белгілі ақын-жазушыларының кітаптарынан кездестіруге болады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үнемі еңбектері жарық көріп келеді.

Заманауи дизайн саласында шығармашылықпен айналысады.

2015 жылы Қазақстан, Суретшілер одағына мүшелікке қабылданды.

Астанада республика көлемінде, шетелдерде өткен суретшілердің пленэр, симпозиум, өнер фестивальдеріне  қатысып тұрады.

Суретші Сырғабаевтың туындылары еліміздің көптеген өнер музейлерінің (Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, т.б.) экспонаттарына айналды. Сонымен бірге, Ресей, Қытай, АҚШ, Түркия, т.б. елдерде жеке адамдардың меншігінде сақтаулы.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.