Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы

Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы - «Астана қ. Суретшілер одағы» ҚБ Басқарма Төрағасы,Суретші-кескіндемеші ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем Академия-ң Академигі, ҚР «Дизайнерлер Одағының мүшесі».

Өмірәлі Дәуренбекұлы - Қазақстан Суретшілер одағының «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Көркем Академиясының «Ұлы Елдің Тарандысы» алтын медалімен марапатталды.

Исмаилов Өмірәлі - 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін бітірген (1992). Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1998). Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады және сонда еңбек етеді.

2010 жылы Астана қ. Суретшілер одағы Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, 2013 жылы Жас суретшілер бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Талантты жастарды біріктіріп, олардың шығармашылық жағынан өсуіне үлкен үлесін қосып келеді. Ө. Исмаиловтың бастауымен Астана қаласы бойынша жас суретшілердің бірнеше көрмелері ұйымдастырылды.

2014 жылы ҚР Суретшілер одағына мүше болды. Астана қаласының «Суретшілер одағы» Қоғамдық бірлестігіндегі түрлі іс-шараларға белсене ат салысып келеді.

Кескіндеменің барлық дерлік жанрларында жұмыс істейтін Өмірәлі Исмаиловты өз халқының өткені, көп жылдар бойы қалыптасқан қазіргі уақыт - бүгінгі өзекті өмір екі есе мазалайды.

Ол тарихи пейзаждарға жиі қалам тартады: «тарихи мекен-жай» орнымен байланысты нақты табиғат бейнесінің дәйекті келбетінде өткен жағдайлар жайлы естеліктер қабатталып қалған Бурабай, Маңғыстау, Арал көріністері.

Суретшінің генетикалық санасы тудырған ассоциациялар тізбегімен көлемді, эмоционалды қанық көркем бейне пайда болады, оның қалыптасуында жазу мәнері белсенді түрде қатысады: қатаң жағысты экспрессия немесе байсалды ашық кескіндеме.

Тұрмыстық көріністер, өткен күннің қаһармандық оқиғалары, қаһармандардық ерліктері туралы әңгімелер - бәрі кең табиғат аясына еніп, өткенді бүгінгі күнмен сенімді түрде байланыстыруға мүмкіндік береді.

Алайда өз халқының өткен тарихи өміріне деген асқан құрметіне қарамастан Өмірәлі - әлі ыстығы басылмаған, ізденуші, әртүрлі стильдер мен жазу техникасын еркін меңгерген, өз заманы мен халқы туралы барынша көбірек айтып беруді қалайтын заманауи суретші.

Ө. Исмаиловтың туындылары мерзімді басылымдарда және мамандандырылған көркемдік басылымдарда атап өтілді: «Живопись Казахстана», Художники Казахстана за годы Независимости «Ұлы дала мәнері» және т.б., республикалық телеарналардың арнайы хабарларында: телеарна Мәдениет, Қазақстан, Хабар, 24 КЗ және т.б.

Оның шығармалары Астана, Алматы, Семей, Қостанай мұражайларында және Қазақстан, Ресей, АҚШ-та және т.б. жеке коллекцияларда сақталуда.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

«Жан сазы»

«Әже» 

 «Четыре вида»

«Дорога»

«Шәкәрім»

«Алтыбақан Наурыз»

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2020 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.