Исмаилов Өмірәлі Дәуренбекұлы - «Астана қ. Суретшілер одағы» ҚБ Басқарма Төрағасы,Суретші-кескіндемеші ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем Академия-ң Академигі, ҚР «Дизайнерлер Одағының мүшесі».
Өмірәлі Дәуренбекұлы - Қазақстан Суретшілер одағының «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасының Көркем Академиясының «Ұлы Елдің Тарандысы» алтын медалімен марапатталды.
Исмаилов Өмірәлі - 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесін бітірген (1992). Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген (1998). Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады және сонда еңбек етеді.
2010 жылы Астана қ. Суретшілер одағы Жас суретшілер бірлестігінің мүшесі, 2013 жылы Жас суретшілер бірлестігінің төрағасы болып сайланды. Талантты жастарды біріктіріп, олардың шығармашылық жағынан өсуіне үлкен үлесін қосып келеді. Ө. Исмаиловтың бастауымен Астана қаласы бойынша жас суретшілердің бірнеше көрмелері ұйымдастырылды.