Жеңіс Кәкенұлы

Кескіндемеші, график, публицист. Мәдениет қайраткері.

1965 ж. Алматы облысында дүниеге келген.

1982-1989 жылдар арасында ҚазПИ-дің көркем-сурет графика факультетінде оқыды. 

1988 жылдан Республикалық көрмелерге қатысып келеді.

«Мәдениетті қолдау жылы» эмблемасының авторы (2000).

2003-2011 жылдар арасында Астана, Алматы қалаларында жеке  көрмелері өтті.

2006 жылдан Суретшілер одағының мүшесі.

2006 жылы «Өнер» баспасынан «Жеңіс Кәкенұлы» атты альбом-жинағы жарық көрдi.

2009, 2010 жж. Президенттік  степендия иегері. Картиналары Отандық музейлерде  және  жеке картина жинаушылардың қорында cақтаулы.

АҚШ, Германия, Түркия елдерінде халықаралық  көрмелерге картиналары  ілінді.

Суретшілер туралы жазылған «Ақ зер» кітабының авторы.

Cуретшінің бұл кітабында еліміздің айтулы суретшілерімен қатар әлемдік бейнелеу кеңістігіндегі реализм, гиперреализм, импрессионизм өкілдері, портретші, маринист суретшілер туралы да публицистикалық еңбектері енді.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.