Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Академик Салық Зимановтың туғанына 100 жыл.
Осыған орай Атырау қаласындағы №-37 мектебіне Салық Зимановтың есімі беріліп, білім ордасының алдында қайраткердің еңселі ескерткіші орнатылды.
Занғар заңгер Салық Зимановтың қойылған ескерткішінің авторы мүсінші Бақытбек Ақажанұлы Мұхаметжанов. Мүсін қоладан құйылған. Жалпы биіктігі -4.1 метр.
Бақытбек Ақажанұлы Мұхаметжанов - суретші, мүсінші, Қазақстан Республикасының Суретшілер Одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, профессор.