«Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырылды.

2022 жылы екі бауырлас ел Түркия мен Қазақстанның дипломатиялық байланыс орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда Нұр Сұлтандағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркияның Қазақстандағы Елшілігі мен ҚР Ұлттық музейдің қолдауымен 29 қыркүйекте «Тарихтың бастапқы нүктесі: Гөбеклітепе» атты фотокөрме ұйымдастырылды.
Гөбеклітепе кешені -Түркияның Шанлыурфа қаласының орталығынан 18 км жерде, Өренжик ауылының маңында орналасқан әлемнің ең көне ғибадат орталығы. Бұл құнды ескерткіштер Мальтадағы ғибадатханадан шамамен 6500, Англиядағы Стоунхенджден 7000 және Мысыр пирамидаларынан 7500 жыл бұрын салынған.

Көрмеге Гөбеклітепеде табылған 30 фото қойылды. Шараның ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар және оқушылар қатысты. Шара аясында Гөбеклітепе обелисктері табылған орын Шанлы Урфа аймағының әндерін қазақ өнерпаздар ұлттық аспаптармен орындады.

Астана қаласы СО —ның арт менеджері Ақжан Али.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.