Қайрат Жәйірбекұлының «Арнау» атты жеке көрмесінің ашылуы
28 қараша 2022 жылы Астана қаласы «Sal Seri» галереясында ҚР Суретшілер одағының мүшесі ҚР Көркем академиясының мүше корресподенті Қайрат Жәйірбекұлының «Арнау» атты жеке көрмесі ашылды.
Көрме Республика күніңе және суретшінің марқым анасы Рәшқан Жиенқызының құрметіне арналған.
«Арнау» атты көрмеде автор әр—түрлі кезенде салған 80—ге тарта иллюстрация, карикатура, каллиграфия туындыларының топтамасын көпшілік назарына ұсынды.