Жеңіс Какенұлының «Таңбалы» атты жеке көрмесі ашылды.
Петроглифтер Таңбалы шатқалының аса маңызды және көптүрлі ескерткіштерінің бірі болып табылады. Тастағы суреттердің бәрі пикетаж техникасында, кейде ғана темір аспаптың немесе тастың көмегімен ойып жасалатын, бояумен жасалғандары кездеспеген. Тастағы суреттер галереясын арғы ата бабаларымыз орта қола, кеш қола, өтпелі дәуір (ертедегі сақ), ертедегі темір дәуір (сақ және үйсін), ортағасыр (ертедегі түрік) және жаңа заман (жоңғар және қазақ) сияқты әртүрлі тарихи дәуірде құрған.
Міне осы таңбалар тақырыбына арналған бүгін Елбасы кітапханасында, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Какенұлының «Таңбалы» атты жеке көрмесі ашылды.