Жеңіс Какенұлының кескіндеме және графикалық туындыларының «Күміс қауырсын» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

 

2022 жылдын 31 қарашада «HAS Sanat» галереясында белгілі суретші және публицист, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері Жеңіс Какенұлының кескіндеме және графикалық туындыларының «Күміс қауырсын» атты жеке көрмесінің ашылуы өтті.

Экспозицияда автордың 63 кескіндеме мен графиканың туындысы орын тапты. Көрерменге алғаш рет ұсынылған графикалық парақтар суретшіні жаңа шығармашылық жағынан таныстырылды.

Суретшінің шығармаларында бостандықты, ұшуды, қозғалысты бейнелейтін барлық элементтері бірден байқалады. Қозғалыс ретсіз, құйынды, дөңгелек немесе жазықтық сызықты пішінде болуы мүмкін. Түс және көлеңке ойынының бейнеленуі және пішіндердің геометриясы, ерекше сәндік әсерлер, кескіннің графикасы —іске асырылып, кенеп және қагаз бетінде жарық көрген жұмыстың маңызды компоненттері.

Көрме құтты болсын!

Астана қ. СО ның арт —менеджері Ақжан Али

 

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.