2022 жылдың 20 желтоқсанында Мемлекеттік Әскери-Тарихи Музейінің Көрме залында Астана қ. Суретшілер Одағының Жастар Бірлестігі Мүшелерінің “ӘЛЕМНІҢ ЖАРЫҒЫ” Көрмесі ашылды.

 31 каңтар 2023 жылы ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында ҚР Суретшілер одағының мүшесі Райгүл Ахметжанованың «Бақыт құсы» атты жеке көрмесі ашылды.

Шебердің негізгі шығармашылық бағыты - дәстүрлі көркемдік техникадағы сәндік - бейнелеу жанрындағы жұмыс. Ши тоқу - қазақ халқының қолданбалы өнерінің дәстүрлі көркемдік техникасы, онда көркем материал ретінде далада кеңімен өзі келе жатқан жіңішке қамыс колданылады.
Көрмеде киізден және шиден жасалған 30 өнер туындылары ұсынылды.
Райгүл Ахметжанова осы техникада қырық жылдан астам жұмыс істеп келеді және осы уақыт ішінде оның дүниетанымы мен шығармашылық бейімділігінің көрсететін жарқын туындылар жасалды.

Астана қ. СО арт -менеджері Акжан Али.

 

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.