Көрмеге шақырамыз!!!2022 жылдың 20 желтоқсанында сағат 16.00-де Мемлекеттік әскери-тарихи музейінің көрме залында Астана қаласы Суретшілер одағының Жастар бірлестігі мүшелерінің «Әлемнің жарығы» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Балалар жылына арналған. Көрмеге 22 жас суретшінің 60-тан астам жұмыстары қойылады. Жастар қауымдастығының көптеген суретшілері республикалық, халықаралық байқаулардың, халықаралық көрмелер мен симпозиумдардың жеңімпаздары.