Айтуаров Ерлан Сақыпұлының "Түрік жебесі" атты жеке көрмесі ашылды

20 мамыр 2022 жылы, ҚР ҚК Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде Көрнекті суретші-монументалист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі,ҚР Көркем Академиясының академигі, вице-президенті,Ресей Өнер Академиясының құрметті академигі, Айтуаров Ерлан Сақыпұлының "Түрік жебесі" атты жеке көрмесі ашылды.


Ерлан Сақыпұлы монументалды сурет және қылқалам мүсіндеу саласында жұмыс істейді ,ал суретші-кескіндемелер саласында-тарихи көрініс, портрет және пейзаж Жанрында шығармалар жазады. Көркем шығарма өмір суреттерін бейнелеп қана қоймай, өмір ағының бағытын да танытады.


Сондай-ақ суретші-монументалист ретінде қол қатарларын қоғамдық ғимараттарда, оқу орындарында архитектураға тығыз байланысты.

Ерлан Сақыпұлының шығармашылық және қоғамдық қызметі Қазақстанның бейнелеу өнеріне одан әрі дамуына маңызды үлес қосты.

Жұмыстары республикалық, шет елдік көрмелерде экспонатқа қойылған. Суретшінің шығармалары Қазақстан, Ресей, Франция, Германия, Израиль жеке коллекцияларында сақталуда.
Аталған көрмеде Ерлан Сақыпұлының 80-ге жуық туындылары халық назарына қойылды.


Көрменің ашылуына коптеген қонақтар келді, белгілі суретшілер, Суретшілер Одағының өкілдері,сенат өкілдері, маслихат депутатары, Көркем Академиясының өкілдері,елшілік өкілдері, баспасөз ақпарат қызметкерлері жәнеде көптеген өнер сүйер қауым.

Парламент Сенатының төрағасы Маулен Сағатханұлы Әшімбаевтын, Ерлан Сақыпұлының көрме ашылуына жолдаған құттықтау сөзі

Астана қаласы Суретшілер Одағының басқарма төрағасы Исмаилов Өмірәлі Дауренбекұлының, Айтуаров Ерлан Сақыпұлының "Түрік жебесі" атты жеке көрмесінің ашылуында сөйлеген құттықтау сөзі.

Айтуаров Ерлан Сақыпұлын "Түрік жебесі" атты жеке көрмесінің ашылуына ҚР Көркем Академиясының вице-президенті Жанұзақ Мүсәпір және Алматы облыстық Маслихатының депутаты, Көркем Академиясының вице-президенті Ермұхан Жүнісханның сөйлеген кұттыктау сөздері.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.