Sam breeze лақап атымен белгілі Самал Жаримбетова былай дейді: «Мен суретті сезіміме сүйеніп саламын, менің жұмыстарым хаостағы нәзік әйелдік кішіпейілділік, түсінушілік пен баланс толқуы туралы. Осылайша қарапайым зат әртүрлі терең қабылдау мен жаңа түстерге ие болады».
Оның жұмыстарындағы терең ашық түстер білімқұмар адамды суретшінің монологына шақырады. «Мен сурет салғанда, жүрмеймін, ұшамын», - дейді Самал, көрерменді нео-поп өнері мен графикалық дизайн әлеміне ұмтылдырып.
Көрмеде автордың майлы бояу және акрилден жасалған 20 жұмысы ұсынылған.
Индира Шугубаева – суретші.
«Мен сурет салуды жазудан ерте бастадым», - дейді автор.Суретшінің төл туындысын аңғал өнерге жатқызуға болады.
Кәсіби білімі жоқ Индира үнемі сурет салумен айналысады. Оның қарапайым бейнелері суретшінің ішкі күйін көбірек сезінуге шақырады. Перспектива, сәуле мен көлеңке, пішіндерді бейнелеу ережелерін пайдалануды іздеудің қажеті жоқ.
Оның картиналарының мәні - әйел күйінің өзгеруі.
«Мен баяу, бірақ сенімді түрде өзгеру, қайта туылу және тұтастық жолымен жүремін, өзімді және айналамдағы әлемді сол қалпында қабылдаймын, менің суреттерім жеке көңіл күйім, жолдағы адасу мен құлазушылық, шығармашылық пен махаббат арқылы жаңа өсу кезеңіне көшу көрінісі. Бұл суреттер әйелдің табиғатынан өте мықты және әйелдің өзгеруі тек әйелдің өзіне байланысты екендігін көрсетеді, Сіз өзіңізбен не болып жатқанын қабылдауыңыз керек. Мен өз жұмысымда «шағын төңкеріс» жасағым келеді, бірінші кезекте өзімді түсініп, әлемді үйлесімділік пен әйелдік табиғат тұрғысынан танығым келеді», - дейді автор.
Көрмеде Индира акрил және аралас материалдардан (ыстық желім және гипс) жасалған 9 жұмысы ұсынылған. «Возрождение» туындысы барельеф (акрил, гипс) техникасында жасалған.
Индира өзінің алғашқы көрмесін 2005 жылы оқуы кезінде Аграрлық университеттің №7 жатақханасында ұйымдастырған.
Қайнаған дүние, күнделікті өмір, отбасы, жұмыс жас суретшілерге сурет салуға кедергі болмайды. Оларды әйелдік принцип біріктіреді - олар аналар, әпкелер, әйелдер және олар өздерінің эмоцияларымен, ойларымен, әлемге деген көзқарастарын шығармашылық арқылы жеткізе отырып, сұлулықты жасаушылар. Барлық суретшілер сияқты олар өз сезімдерін кенептерге салып, жеткізеді.