Елубаев Ренат Қилыбайұлы

Танымал суретші-кескіндемеші, мүсінші, Астана қаласы Суретшілер одағының мүшесі

Елубаев Ренат Қилыбайұлы 1982 ж. Арқалық қаласында дүниеге келген. Бесінші сыныптан бастап көркем сурет мектебіне оқыған. 1999 жылы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институтының Көркемсурет факультетіне оқуға түсіп, оны қызыл дипломмен 2003 жылы аяқтаған соң, Астанаға келеді. Содан бері Астана қаласында тұрып, еңбек етіп келеді.

Шығармашылық қызметі:

2002 жыл – Қостанай облыстық бейнелеу өнері байқауының 1 орын иегері;
2012 жыл – Жеке шығармашылық көрме, Астана қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде, Астана қ.;

2014 жыл – Жеке шығармашылық көрме, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент мұражайында, Астана қ.;

2015 жыл – Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылдығының ашылуына арналған көрме, Бейбітшілік және келісім сарайында, Астана қ.; 2015 жыл – Жеңістің 70 жылдық мерей тойы аясындағы Халықаралық сурет байқауының 3 орын иегері; 2015 жыл – Кәсіпқой суретшілер арасындағы Халықаралық көрме, Армения, Ереван қ.; 2015 жыл –Беларусь Республикасы Халықаралық өнер олимпиядасының, кескіндеме номинациясы бойынша Бас жүлде (Гран-при) иегері; 2015 жыл – Жеке көрме, Беларусь Республикасы, Гансович қ.; 2015 жыл – Алтын медаль, АҚШ, Нью-Йорк қ.;

2016 жыл – Микеланджело статуэткасы. Италия Республикасы, Рим қ.; 2016 жыл – Каналетто премиясы медалі. Италия Республикасы, Рим қ.; 2016 жыл – Сан Марино Республикасы, 1 орын иегері;

2017 жыл – Көрме, РФ, Санкт-Петербург қ.; 2017 жыл – Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі Əскери-тарихи мұрадайда өткен көрменің катысушысы; 2017 жыл – Де Решалье атындағы Халықаралық байқау лауреаты, Украина, Одесса қ.;2017 жыл –"Жастар" Халықаралық суретшілер фестивалінің қатысушысы, Алматы қ.; 2017 жыл – Жеке көрме, РФ, Омбы қ.; 

2018 жыл – Жеке көрме,  ҚР Тұңғыш Президент мұражайында, Астана қ.; 2018 жыл – «Амплитуда» атты шығармашылық топ көрмесі, Хас Санат галереясында, Астана қ.; 2018 жыл – Астана пленэрінің қатысушысы; 2018 жыл – Қасқасу Халықаралық пленэрінің қатысушысы, Оңтүстік Қазақстан; 2018 жыл – мастер класс Мəскеу қ.; 2018 жыл – мастер класс Египетте; 2018 жыл –  «Удивительные люди» атты  РФ теле-жобаның жеңімпазы.

шығармашылық жұмыстар

 

 

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2020 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.