Алиев Сарсенбай Салменович

Сарсенбай Алиев 1954 жылы 22 наурызда Атырау облысы Құрмаңғазы ауданында дүниеге келген.
1978 жылы (училищені) Қазіргі О. Таңсықбаев атындағы қолданбалы қолөнер колледжін бітірген.
1985 жылы Т. Жүргенов атындағы өнер академиясын аяқтады.

Еңбек жолын 1986 жылы Алматыдағы Граммзапись студиясы фирма «Мелодия» пластинка сыртын безендіруші көркемдеуші редактор болып жасады.
1987 жылдан республикалық және халқаралық көрмелерге қатысып шығармашылық жұмыстарымен көріне бастады.

1989 жылдан Қазақ Совет энциклопедиясында ғылыми көркемдеші редактор болып, «Шаңырақ», «Ақмола», «Негеш» атты энциклопедияларды көркемдеді.
Сол еңбектері үшін 1990 жылы Қазақстан журналистер одағының мүшесі атанды.

2002 жылы Атырау облыстық өнер мұражайында Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай алғашқы көрмесі өтті.
2003 жылы Алматыда Ғалымдар Үйінде «Ұлар» галлереясында мерейтойлық көрмесі өтті.
2005 жылдан бастап ҚазМемҚызПУ да аға оқытушы болып қызмет атқарады.
2007 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

2014 жылы Астанада Тәуелсіздік Сарайында «Туған жер» атты жеке көрмесі өтті.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениеи және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
2014 жылдан ҚазМемҚызПУ университетінің қауымдастырылған профессоры.

Творческие Работы

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.