Қайрат Жәйірбекұлы

Биография

Қайрат Жәйірбекұлы 1973 жылы 30 желтоқсанда ҚХР-да туылған. 1990-1993 жылы ҚХР Тарбағатай аймақтық педколеджінде қытай тіл мұғалімі мамандығын оқыған.

1993-1997жылы ҚХР Щин жияң университетінен қытай тілі аудармашы мамандығын оқыған. 1996-1999 жылы Іле қазақ автономиялы облыстық педагогикалық институтының Бейнелеу өнері факультетіне түсіп, сурет өнерін игерген. 2005-жылы тарихи отанына отбасымен көшіп келген.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан Републикасы көркем акедемиясының мүше караспанденті, Евразия Дизайнерлер Одағының мүшесі, Тұран-қазақ суретшілер консолидациясының мүшесі. Нұр-Сұлтан қаласы №2 өнер мектебінде суретші педагог болып қызмет істейді.

Түрлі көрмелерге қатысуы :

1. 2005ж. Шин жияң өлкесі құрылғандығының 50 жылдығы аясында Шин жияң суретшілер одағы өтізген көрмеге қатысты. Көрме орны: Үрімжі қаласы орталық мұражай
2. 2011ж. Нұр-Сұлтан қ. суретшілер одағында Мұсалимов Аманжол, Юсуп Дәлелханұлы, Жүнісәлиев Руслан қатарлы үш суретшімен біріге «Отаным алтын бесігім» атты сурет көрмесі өтті.
3. 2011ж. Нұр-Сұлтан қ. дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайы аясында өткізілген сурет көрмесіне қатысты.
4. 2012ж. Нұр-Сұлтан қ. Қазақстан жастар конгресі ұйымдастырған жастардың әлеуметтік көрмесіне қатысты.
5. 2013ж. Алматыда және 2014 ж. Нұр-Сұлтанда өткен шетелде тұратын қазақтардың қатысуымен «халықаралық өнер фестивалі» көрмесіне қатысты.
6. 2014-2015ж. екі мәрте Нұр-Сұлтан қ. бейнелеу өнері мұғалімдерінің шығармашылық көрмесінде Гран при дипломымен марапатталды.
7. 2015ж. Нұр-Сұлтан қ. өткен «Республиканской вставки конкурса художественных произведений на нефтегазовую тему» атта көрмеге қатысты.
8. 2016ж. ҚР МƏДЕНИЕТ ЖƏНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ. ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖƏНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ ұйымдастырған қазақтың мифтік кейіпкерлерін бір ізділендіру туралы республикалық байқауына қатысты және «Қазақтың мифтік кейіпкері» атты кітапқа ол салған алты кейіпкер бейнесі енгізілді.
9. «Астана» Ұлттық сурет галереясы» өткізген Қазақстан республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз елім алтын бесігім» атты көрмесіне қатысқаны үшін алғыс хат. 2016

10. Нұр-Сұлтан 20 жылыдғына орай құрастырылған «Астана суретшілер көзімен» атты каталогқа екі шығармасы енгізілді. 2018
11. 2018 ж. «Менің түс әлемім» атты жеке шығармашылық сурет көрмем Нұр-Сұлтан қ. Тәуелсіздік сарайында өтті.
12. Сертификат, қазақстан суретшілер пленерына қатысқаны үшін. Павлодар қ. 2019
13. Алғыс хат, Ресей Федерациясының Мәскеу қаласының «Алабино» полигонындағы АрМИ-2019 «Шексіз достық» ұлттық мәдениет фестивалінде ұсынылған тақырыптық көрмені ұйымдастыруға ҚР. Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне қолдау көрсеткені үшін. Нұр-Сұлтан қ. 2019ж.
14. Медия орда және Сорс Қазақстан компаниясы ұйымдастырған “Бюджед мол - мәселе сол” атты Республикалық карикатурашылар байқауының бас жүлдесі. Алматы қаласы 2020жыл
15. Алтын орданың 750 жылдығына орай халықаралық түркі тілдес мемлекет суретшілерінің (20 ел) шығармалары жинақталған, қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде баспадан шыққан «Ұлық ұлыс Алтын орда 750» атты альбомға менің «Айқас» деген майлы бояулы картинам енді. 2021ж
16. - 1 маусым Халықаралық балалар құқығын қорғау күні, «Бақытты балалық шақ» атты жеке шығармашылық сурет көрмем, балалар әдебиеті жылы аясынла Нұр-Сұлтан қ. ҚР Ұлттық Академимялық Кітәпханасында өтті. 2021ж
17. - Қазақстан Республикасының Көркем Академиясының “Ұлы Елдің Таранлысы” медалімен марапатталды. 2021ж

Творческие Работы

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.