Чунчалинов Абай Қабдуллинұлы

Чунчалинов Абай Қабдуллинұлы Целиноград қаласында 1970 жылы дүниеге келген. 1993 жылы Алматы қаласындағы Ө. Тансықбаев атындағы көркем – сурет училищесін бітірген.

2014 жылы ол Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған акварель байқауының «алтын белгі».

2018 жылы «Құрмет» белгі, марапатылардының иегері.

2004 жылы Халықаралық  жастар Шабыт байқауына қатысты.

2012 жылдан ҚР суретшілер Одағының мүшесі.  

2015 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған көрме қатысушысы. Өткен Стамбул-Астана Халықаралық «Мәдени  көпір» симпозиумының қатысушысы.Қазақ Хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған суретшілердің графикалық көрме қатысушысы.

2016 жылы Астана қаласында өткен Халықаралық биеннал қатысушысы.

2017 жылы Астана қаласы Әскери тарихи мұражайындағы жеке көрмесі өтті. «Үшқоңыр» кітабының әрлеу жұмыстарына атсалысты.

2018 жылы «Құрмет» төсбелгісімен марапатталған. «Орбұлақ шайқасы» тарихи диорамасының тең құқылы авторы. 2018 жылдан «Mondial Art Akademia» халықаралық бірлестігінің мүшесі (Франция).

2019 жылы Халықаралық «Academism &Progress» көрмесінің қатысушысы. КИПР Никоса қаласында өткен Халықаралық симпозиум  қатысушысы. Марселл (Франция) қаласындағы Арт салон Халықаралық дипломының иегері.

2019 жыл «SPRID ART» 2019 (Франция) өнер салонының көрмесі. «Азия шыңдары» топ мүшелерінің көрмесінің қатысушысы. Лондон, Париж, Брюсель. 2019 ж. Германияның Берлин қаласында өткен «Көшпенділер» көрмесінің қатысушысы.

2019 жылдан Eвразиялық  Шығармашылық Гилдия «ОА» мүшесі.

Суретші туындылары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық музейінде, Әскери-тарихи мұражайында бар. Шет елдерде Кипр өнер мұражай қорында, Ұлыбритания, Канада, Түркия, Германия, БАӘ, Словакия елдерінде жеке коллекцияларда сақтаулы.

Өнер мектебінде «бейнелеу өнері» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді.

ОСТАВАЙТЕСЬ НА СВЯЗИ

Подпишитесь на нашу почтовую рассылку

© 2021 ОО "Союз художников г. Нур-Султан", Все права защищены, Разработчик: Исмаилова А.А , Кадиркулов К. , Байгенжина М.